Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 28 Apr 2018 09:49:54 GMT )
Сәу 28, 2018 15:49 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға бағытталған талпыныстарына қатысты реакциясында: "Иранның ұлы халқы қырық жылдан бері үстемшіл жүйенің, әсіресе АҚШ-тың дұшпандық әрекеттеріне табандылық танытып келеді",- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының хабарлауынша, ходжат ул-ислам уәл-муслемин Сейед Мұхаммад Хасан Абуторабифард осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "Үстемшіл жүйе соңғы қырық жылдың ішінде әртүрлі жолдармен, атап айтқанда соғыс таңу, санкция мен саяси қысымдар арқылы, ИИР-на соққы беруді көздеп келді, бірақ сәттілікке қол жеткізе алмады.

АҚШ-тың түрлі салалардағы дұшпандық әрекеттері мен өз міндеттемелерін, атап айтқанда "Ортақ қадам" келісімі бойынша міндеттемелерін орындамауы ИИР халқы мен жүйесінің жауапты тұлғаларының Иранның өз серіктестерін сенімді елдерден таңдауы қажеттігі туралы бір келісімге келуіне себеп болды",- деп айтты.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Сейед Мұхаммад Хасан Абуторабифард Иран халқының ешқашан үстемшіл жүйеге иек артпағанын және артпайтынын баса айтты.