Еуропалық 250 банк ирандық банктерге қосылды
«Еуропа Одағындағы Иранның перспективасы» жобасындағы Иран бөлімінің басшысы осы одақ мүшелерінің «Ортақ қадам» бағдарламасын сақтауға табанды екендігін қуаттап, еуропалық 250 банктің ирандық банктерге қосылғанын айтты.
IRNА-ның мәліметіне сәйкес, «Еуропа Одағындағы Иранның перспективасы» жобасындағы Иран бөлімінің басшысы сенбі күні Теһранда Иран мен Еуропаның сауда және банктік алтыншы форумында сөйлеген сөзінде екі жақтың банктік байланыстарына тоқталып: «Иран еуропалық банктерге сенімді болуы керек. Олар Иранмен экономикалық әрекеттестікке енді. Еуропалық банктердің көбісі Иранмен серіктестік каналдарын тауып, осы арқылы ИИР-мен байланыстарын кеңейтті» деді.
«Еуропа Одағындағы Иранның перспективасы» жобасындағы Иран бөлімінің басшысы «Ортақ қадам» келісімінің қайта келіссөз өткізіп, өзгертуге жатпайтынын айтып: ««Ортақ қадам» келісімі өзінің міндетін орындады. АҚХА де 10 есебінде Иранның өз міндеттемелерін толық орындағанын растады»деді.