Иран Армиясының қолбасшысы еуропалықтарға Америкаға алданбауға кеңес берді
(last modified Sun, 29 Apr 2018 03:43:28 GMT )
Сәу 29, 2018 09:43 Asia/Almaty
  • Иран Армиясының қолбасшысы еуропалықтарға Америкаға алданбауға кеңес берді

ИИР Армиясының бас қолбасшысы Американың жетекшілігіндегі үстемшіл жүйенің Иранның ислам революциясымен қарсыласып жатқанын айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметіне сәйкес, генерал-майор Абдурахим Моусави сенбі күні «Сарбаз жас» атты фестиваль аясында тілшілерге берген сұхбатта еуропалық басшылардың Иранның әлеуеті мен қорғаныстық бағдарламасы туралы жуырда айтқан сөздеріне реакция білдіріп: «Американың жетекшілігіндегі үстемшіл жүйе Ислам революциясмен қарсыласуда. Американың соңынан ілесуші бірқатар ел де осы елдің алдауына түсіп отыр. Үстемшіл жүйе бір күні ядролық келіссөздер тақырыбын алға тартып, келесі күні адам құқығы туралы сөйлейді. Бүгін ИИР-ның қорғаныс әлеуеті мен зымырандық күші туралы айтуда. Бұл соны тақырып емес» деді.

Хазірет Али Акбардың туған күнінің жылдығымен бір мезгілде Қарулы күштердің жоғары деңгейлі қолбасшыларының қатысуымен Теһранда «Сарбаз жас» деген оныншы ұлттық фестиваль өтті.

 

Тегтер