Иранның Қорғаныс министрі телефон арқылы Әзірбайжан мен Армения Қорғаныс министрлерімен сөйлесті
Иранның Қорғаныс министрі телефон арқылы Әзірбайжан мен Армения Қорғаныс министрлерімен сөйлесті.
Иранның Қорғаныс министрлігінің қорғанысты насихаттау бөлімінің мәліметі бойынша, ИИР-ның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқан жексенбі күні Қарабақ аймағындағы Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыстардың күшеюіне қатысты телефон арқылы өзінің әзербайжандық және армениялық әріптестерімен сөйлесіп, әскери қақтығыстарды мүмкіндігінше жылдам тоқтату қажеттілігін қуаттап, екі елден дағдарысты келіссөздер арқылы шешуді сұрады.
Иранның Шығыс Әзірбайжан облысы әкімінің саяси және қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары Саид Шабестари Табриз қаласына жақын жердегі Ходоафарин ауылына таяу жерде үш жарылғыш оқтың атылғанына тоқталып: «Бұл оқиғадан кейін Шығыс Әзірбайжан облысының шекарашылары қақтығысушылармен келіссөздер жүргізіп, оларға ескерту жасаған соң олар мұндай оқиғаның қайталанбайтынын қуаттады»,- деді.