Ноубахт: Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатын жағдайға дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i36668
Иран үкіметінің ақпарат өкілі әрі Президенттің орынбасары ИИР-н АҚШ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан шығатын жағдайға дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 03, 2018 17:58 Asia/Almaty
  • Ноубахт: Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатын жағдайға дайын

Иран үкіметінің ақпарат өкілі әрі Президенттің орынбасары ИИР-н АҚШ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан шығатын жағдайға дайын екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран үкіметінің ақпарат өкілі әрі Президенттің орынбасары Мұхаммад Бағер Ноубахт сәрсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Гилян облысының Анзали қаласында тілшілерге берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималына тоқталып: «АҚШ осы бағдарламадан шыққаннан кейін қалыптасатын жағдайға қажет шаралар мен бюджет белгіленген»,-деді.

Ноубахт, сондай-ақ, сионистік режимнің Премьер‑министрі Беньямин Нетаньяхудың Иранға қарсы қойылымына тоқталып: «Сионистік режим әрдайым Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы әлемдік толқын тудыруды көздеп келеді»,-деп баса айтты.

Ол АҚХА-нің Иранның ядролық бағдарламасы туралы пікір білдіре алатын жалғыз құзырлы орган екенін айтып: «Бұл агенттік әрдайым Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін растап келеді»,-деді.