Рухани: "Ортақ қадам" – Иран халқының дипломатиялық күшінің көрінісі
ИИР президенті: "Иран халқының дипломатиялық күшінің көрінісі саналатын "Ортақ қадам" бағдарламасы халықаралық келісім ретінде өзгеріске ұшырамайды",- деп қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани Хорасан Разави облысындағы Нишапур қаласы тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде: "Күш көрсету, қысым жасау мен қоқан-лоққыдан Иранның ұлы халқы беріледі деп ойлайтындар қателеседі",- деп қуаттады.
Рухани ИИР-ның әлемге ядролық қаруды шығаруды көздемегенін және көздемейтінін бірнеше мәрте мәлімдегенін айтып: "Иранның ядролық қару шығармауы отаршыл мемлекеттердің қысым көрсетіп немесе қыспаққа алғысы келгенінен емес, тек Ислам дінінің ахкамдары және ойшылдар, зиялы қауым мен жетекшінің діни пәтуаларына ғана байланысты. Иран бейбіт бағыттағы ядролық ғылымды электр қуаты, медицина, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау мен емдеу салаларында ғана пайдаланады. Сондықтан әлем мен аймаққа қоқан-лоққы жасауды көздемейді. Ал отаршыл елдер Иранның ұлы халқына қоқан-лоққы жасай алмайтындығын біргені жөн. Себебі, Иран халқы Қасиетті қорғаныс кезінде сегіз жыл табандылық көрсетті",- деді.