Рухани: Ираннан қорқыту – қастандық
ИИР-ның президенті «Иран әлемге Иран мен Ираннан қорқыту туралы алаңдаушылықты таңудың өтірік және қастандық болғанын, Иранның ядролық бомба қолдануы туралы уәждердің Иран халқына қарсы жарнамалық қастандық болғанын дәлелдеді» деді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметіне сәйкес, Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысындағы 436 экономикалық-даму жобаларының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Кейбіреулердің Иран атом бомбасына қол жеткізеді деген бос сөздері мен алаңдаушылықтары жойылды. Иран бұл алаңдаушылықтарды «Ортақ қадам» бағдарламасында толығымен шешті. «Ортақ қадам» Иранның ядролық қару жасауды көздемейтіндігіне толық сендіреді. Американың өткен жылдардағы негізгі мақсаты Иранның тәуелсіздігі мен күш-құдіретін және аймақтағы ықпалын шектеу болды. Алайда Иран халқы өткен 40 жылда табандылық танытқандай оларға бар күштерімен төтеп береді.
Бүгін тек америкалықтар ғана «Ортақ қадам» келісімін бұзуды көздеуде. Егер бүгін америкалықтар өздерінің міндеттемелеріне қарсы қадам жасайтын болса, қоғамдық пікір мен әлем елдерінің барлығы Америкианы уәдені бұзушы санайтын болады. Иран Американың «Ортақ қадамға» көрсететін әртүрлі қатынастарына қатысты тиісті шешімдерді назарға алып отыр. Егер Америка қателік жасаса, кейін өкініп, стратегиялық қателік жасағанын түсінеді» деді.