Рухани: Иранның мұнай өнеркәсібі – стратегиялық сала
(last modified Tue, 08 May 2018 18:21:30 GMT )
Maм 09, 2018 00:21 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның мұнай өнеркәсібі – стратегиялық сала

ИИР Президенті мұнай өнеркәсібін Иран үшін стратегиялық сала деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні 23-ші Халықаралық мұнай‑газ және мұнай‑химия көрмесіне келгеннен кейін мұнай компаниялары басшыларымен кездесуде осы саладағы кәсіпкерлердің талпыныстарына алғыс айтып, мұнай өнеркәсібін стратегиялық сала деп атап: «Мұнай жалпы Иран үшін де, аймақ пен әлем елдері үшін де стратегиялық маңызы зор өнеркәсіп саласы болып табылады»,‑деді.

ИИР Президенті ел үкіметінің сапасы жоғары ирандық тауарларға қолдау көрсетіп, сатып алуға шешім қабылдағанын, жаһандық бәсекелестікте ирандық тауарлардың артықшылығының ұлттық мақтаныш екенін қуаттап: «Иран үкіметі мұнай өнеркәсібіндегі жаңа жобалар мен ішкі өндірістің дамуы мен өз-өзін қамтамасыз етуін қолдайды»,‑деді. Рухани ұлттық намыс, үміт пен шаттыққа көңіл аудару қажеттігін қуаттап: «Қазір ирандық мұнай компаниялары атқарып жатқан істер тек экономикалық шаралар емес, олардың технологиялық жетістіктері бәрінен бұрын халықтың рухын көтеріп, үміті мен шаттығын арттырады»,‑деді.