Зариф: Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалу тақырыбы қарастырылады
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Твиттердегі" жолдауында: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына жауап ретінде Иранның бұл халықаралық келісімде қалу тақырыбы қарастырылады",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі АҚШ ресми түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялаған соң, "Твиттердегі" парақшасында АҚШ-тың заңсыз әрекеті мен келісімді бұзуына жауап ретінде Иран Президентінің бұйрығына сай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалудың елдің мүддесін қамтамасыз ететінін немесе қамтамасыз етпейтінін қарастыру үшін басқа әріптестерімен бірге дипломатиялық талпыныстарын бастайтынын жазды.