Иран әлемнің 89 қаласымен бауырлас қала атанған
(last modified Thu, 10 May 2018 13:15:05 GMT )
Maм 10, 2018 19:15 Asia/Almaty
  • Иран әлемнің 89 қаласымен бауырлас қала атанған

Иран СІМ-нің Қоғамдық дипломатия істері жөніндегі орынбасарының кеңесшісі Иранның әлемнің 89 қаласымен бауырлас қала атанып, бұл қалалармен түрлі салалар бойынша тығыз байланыс орнатқанын айтты.

Дариуш Саулат Машһад қаласында өткен Иранның ірі қалаларының қалалық дипломатиясының әлеуеттері мен қиындықтарын қарастыруға арналған отырыста: "Қоғамдық дипломатияның басты мақсаты қоғамдық пікірге әсер ету болып табылады. Ол қоғамдық пікір үшін Иранның ұнамды тұстарын таныстыруға талпыныс жасайды. Мәдениет, ақпарат құралдары мен жеке меншік ұйымдар бұл салада елеулі рөл атқарады. Әртүрлі мемлекеттерде қалалық саясаттар ұлттық саяси жүйемен терең байланысқа ие",- деді.