Қазіргі таңдағы ислам әлемінің ең маңызды қажеттілігін жетекші көзқарасы тұрғысынан сараптау
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні таңертең "Исламдық ілімдердің пайда болуы мен дамуындағы шиіттік ағымның рөлі" атты халықаралық конгреске қатысушылармен кездесуінде бүгінгі таңдағы ислам әлемінің ең маңызды қажеттілігін бірлік пен біртұтастықты сақтау және барлық ілімдер бойынша ғылыми ілгерілеу үшін шынайы әрекет ету деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні таңертең "Ислам ғылымдарының пайда болуы мен дамуындағы шиіттік ағымның рөлі" атты халықаралық Конгреске қатысушылармен кездесуінде бүгінгі таңдағы ислам әлемінің ең маңызды қажеттілігін бірлік пен біртұтастықты сақтап, барлық ғылымдар бойынша ғылыми ілгерілеу үшін шынайы әрекет ету деп атады.
Хазірет осы тақырыптың маңыздылығын баяндауда ислам әлемінің бағынышты халге түсуінің басты себебін ғылыми тұрғыдан артта қалу деп атап: "Батыс әлемі ғылыми тұрғыдан ғасырлар бойғы артта қалушылықтан кейін ислам әлемінің ғылыми жетістіктерін пайдаланып, өздерінің ғылыми, әскери, саяси және жарнамалық күші мен байлығын арттырып, ақырында отарлау арқылы ислам елдерінің жағдайын қазіргі күйге жеткізді",-деді.
"Ислам әлемі" әлемдік жүйенің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан ислам әлемінің қабілеті, дамуы мен тұрақтылығы бүкіл әлемнің дамуы мен тұрақтылығының өзегі болмақ. Осы арада мұсылман елдері арасындағы ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық екі аспект тұрғысынан аса маңызды саналады:
бірінші аспект бойынша, аталмыш ынтымақтастықтың маңыздылығы түрлі экономикалық салалардың дамуы мен өркендеуіне негізделген шынайы тәуелсіздіктің негіздері мен іргетасын нығайту болып табылады;
екінші аспект тұрғысынан бұл саладағы даму үміт пен қайта құру кеңістігін құруға ықпал етеді.
Сондықтан осы екі көрсеткішті назарға алу арқылы мұсылман елдері арасындағы ғылыми әріптестіктер түбегейлі өзгерістер мен мұсылман мемлекеттерінің жағдайын жақсартуға негіз бола алатын қажеттілік саналады.
Революция жетекшісі Батыс алпауыттарының ислам елдеріне күш көрсетіп отырғаны мен осы елдер басшыларының басым бөлігінің халықаралық үстемдікке бағыныштылығына тоқталып: "Бұл жағдай ислам елдерінің ғылыми дамуы арқылы өзгеруі тиіс. Исламның дұшпандары мен америкалықтардың мұсылман елдері басшыларына бұйрық беріп, оларға ненің қажет не қажет еместігін айтпауы үшін ислам әлемі тағы да адамзат өркениетінің шыңына шыға алады",-деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның табысты үлгі ретіндегі ғылыми даму бағытындағы әрекетін еске салып: "Біз бұл бағытты ғылым мен білім шекараларына жеткенге дейін жалғастырамыз. Иран батыс елдерінің қарсылықтарына қарамастан басқа мұсылман елдерімен өзінің ғылыми жетістіктері және ілгерілеушіліктерімен бөлісуге әзір",- деп баса айтты.
ИИР-ның абыройын асқақтататын мақтаныштарының бірі оның ғылыми салалардағы күннен-күнге артып келе жатқан белсенді құзыры саналады. Ядролық ғылым, нанотехнология, бағаналық жасушаларды шығару, әуе-ғарыш ғылымдары мен зымыран ұшыру салаларында табысқа қол жеткізу Иранның соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша нәтижелі еңбегінің жемістері болып есептелінеді.
Әлемдік ғылыми орталықтардың есептеріне сәйкес, Иранның соңғы жылдардағы ғылыми даму жылдамдығы әлемдік орташа көрсеткіштен 13 есе артық болған.
Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі ресейлік сарапшы Антон Евстратов ИИР-ның соңғы жылдар ішіндегі технология саласындағы жетістіктері мен ілгерілеушіліктеріне сілтеме жасап: "Иран ғылыми жетістіктер бойынша ислам әлемінде бірінші орында орналасқан",- деді.
Иран ислам әлеміндегі ғылымды тарату саласындағы мұсылман елдері арасында ынталандырушы бағдарламаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, Иран Мұстафа (с.ғ.с) атындағы ғылым және технология қорын құрды. Бұл ғылыми қор көрнекті данышпандарға алғыс білдіріп, оларды марапаттау және ислам әлемі үшін ғылым мен технология саласындағы жасампаз үлгілерді таныстыру мақсатында жылына екі ғылыми сайыс ұйымдастырып, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) туған күнінің жылдығында Мұстафа (с.ғ.с) атындағы арнайы сыйлықты ұсыну үшін 30 ислам мемлекетінен келетін 90 көрнекті данышпандар мен ғалымдарды қабылдайды.
Ғылым мен технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың осы мақсатты жүзеге асыра алатын жалғыз жол екені күмәнсіз. Ислам әлемі оларды барынша әрі оң бағытта пайдалана алатын құнды мүмкіндіктерге ие.