Иран СІМ Палестина халқын қолдайтынын мәлімдеді
(last modified Mon, 14 May 2018 12:29:41 GMT )
Maм 14, 2018 18:29 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Палестина халқын қолдайтынын мәлімдеді

ИИР СІМ 1948 жылы 14 мамырда сионистік режимнің Палестина жерін басып алуының жылдығына байланысты Палестина халқын қолдайтынын мәлімдеп, Бейт ул-Мұқаддасты Палестинанның ажырағысыз бөлігі деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ жексенбі күні кешке Палестинаның басып алынуына 70 жыл толуына байланысты рәсімде: "Бейт ул-Мұқаддас Палестина жерінің ажырағысыз бөлігі және мұсылмандардың үш қасиетті мекендерінің бірі саналады. Сионистік режим елшілігінің бұл жерге көшіруге талпынысы халықаралық заңдар мен қарарларды, атап айтқанда №478 (1980 ж), №2334 (2016 ж) қарарларын ашық түрде бұзу саналады",- деп мәлімдеді.

Иран СІМ-нің мәлімдемесінде аймақта тұрақты әрі әділ бейбітшіліктің орнауы тек басқыншы сионистік режимнің толығымен жойылуына, палестиналық босқындардың өз отанына оралуына, негізгі тұрғындардың қатысуымен референдум арқылы Палестинаның болашақ жүйесін анықтауға, астанасы Бейт ул-Мұқаддас болатын біртұтас Палестина үкіметін құруға байланысты екені баса айтылды.