Революция жетекшісі Шри-Ланка президентімен кездесті
(last modified Mon, 14 May 2018 12:52:59 GMT )
Maм 14, 2018 18:52 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі Шри-Ланка президентімен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисенамен кездесуінде азиялық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтарды нығайту қажеттігін қуаттап, бұл ынтымақтастықтардың олардың күшеюіне себеп болатынын айтты.

Революция жетекшісі екі ел және осы субконтинент елдерімен арадағы тарихи-мәдени қатынастарға тоқталып, Иран мен Шри-Ланка арасындағы сауда-саттық қатынастардың қазіргі деңгейін қолда бар әлеуеттерге қарағанда әлдеқайда төмен деп атады.

Кең-байтақ Азия құрлығы экономкалық ынтымақтастықтар үшін орасан зор әлеуеттерге ие. Сол әлеуеттерді тиімді пайдаланған жағдайда Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтар деңгейінің артуымен қоса, экономикалық мүдделермен бірге жалпы қауіпсіздік те нығайып, кепілдене түседі. Иран мен Шри-Ланка қатынастарының дамуы да бұл принциптен тыс қалмайды.

Иран – Азиядағы энергетикамен қамтамасыз етуші маңызды мемлекеттердің бірі. Иран Азияны Еуропа және Африкамен байланыстыратын көпір ретінде танылып, Иранның Шығыс пен Батыс және Иранның солтүстігіндегі мемлекеттер мен Парсы шығанағы елдері арасындағы тасымал саласында атқаратын ерекше рөлі үлкен маңызға ие. Географиялық жағдайлармен қатар, Иран азиялық өндірушілер, атап айтқанда Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің өндірушілері үшін Батыс Азиядағы ең ірі нарық ретінде тартымды болғандықтан Азия үшін стратегиялық сауда серіктес саналады.

Тәжірибе Азия елдерінің ортақ экономикалық мақсаттарға жетуде сенімді серіктес екендіктерін көрсетті.

ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы бұрынғы елшісі Мохсен Пакайин Азия мемлекеттерімен байланыстарды кеңейтудің артықшылықтарына тоқталып: "Тәжірибе бұл мемлекеттер тобының сыртқы қатынастарда өздерінің саяси мүдделерін араластырмайтынын, өз құндылықтары мен ережелерін әлемнің басқа елдеріне таңуды көздемейтінін көрсетті",- дейді.

Сондықтан, ортақ мәдениет пен мүдделерге иек артып, экономикалық даму мен аймақтық және халықаралық қиындықтармен күресу мақсатында мүмкіндіктер мен әлеуеттерді барынша пайдалану азиялық мемлекеттер үшін пайдалы саналады. Осы арада ирандық компаниялар мен мамандар әртүрлі салалардағы, атап айтқанда Шри-Ланкада бөгет салу, электр стансаларын салу, мұнай өндіру зауытын салуға байланысты инженерлік-техникалық қызметтерді ұсынуға дайын.

Шри-Ланка президенті Сирисена осы мәселеге қатысты Иран мен Шри-Ланканың әртүрлі салалардағы қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамыта алатынын айтып, Иранның инвесторлары мен экономикалық белсенділерін Шри-Ланкадағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуын сұрап, Шри-Ланканың ирандық инвесторлардың келуін қолдайтынын мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның ғылым, технология және зерттеу салаларындағы жетістіктерін екі ел арасындағы әріптестіктерді кеңейту үшін қолайлы негіз деп атап: "ИИР Шри-Ланка үкіметі және елімен достық қатынастар мен ынтымақтастығын нығайтуға дайын. Бұл мақсатта екі ел арасында қол қойылған меморандумдарды шындап қадағалап, жүзеге асыру керек",- деді.

Иран мен Шри-Ланка экономикалық ынтымақтастық үшін жақсы әлеуеттермен қоса, аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты Қосылмау қозғалысы мен азиялық отырыстардағы өзара әрекеттестік шеңберінде ынтымақтастық жасау үшін қолайлы негіздерге ие. Осындай ынтымақтастықтар жиынтығы революция жетекшісінің сілтеме жасаған мақсаттарды жүзеге асыруға жеткізуі мүмкін.