Ислам революциясының Сақшылар корпусы: Құдс басқыншыларының қастықтары тез арада тоқтатылады
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы мәлімдемесінде АҚШ-тың өз елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыру әрекеті мен сионистік режимнің дүйсенбі күнгі Газа секторындағы қылмыстарын қатты айыптап, бұл шайтандық қастандықтарды ислам үмбетінің бірігуі мен Құдс басқыншыларының жойылуы туралы уәденің іске асырылуын жылдамдатын фактор деп атады.
"Pars Today" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сақшылар корпусы дүйсенбі күні кешке жариялаған мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың елінің елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіріп, Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми жариялау сынды арсыз әрекетін айыптап, оны мұсылмандардың бірінші қыбыласына тіл тигізу деп атап, бұл әрекеттің сионистік режимнің бос негіздерін нығайтып, сионистік басқыншылардың қауіпсіздігіне кепілдік бермек түгілі, АҚШ-қа қарсы күрестің жаңа толқынын көтеріп, бұл арсыз шешімді қолдағандарға деген ыза мен жиіркенішті арттыратынын қуаттады.
Сақшылар корпусының мәлімдемесінде исламдық қарсыласу майданы мен азаттық талап ететін халықтардың Палестина халқы мен Құдс интефазасының жауынгерлеріне деген қолдауының кеңейетіні баса айтылып: "Палестина интефазасы сионистер мен америкалықтарға және олардың қолдаушыларына қасиетті Палестина жері келешегінің басқыншыларды шығарып, аймақтың іші мен сыртындағы қолдаушыларды жазалау екенін көрсетеді",- деп мәлімдеді.