Лариджани: АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымын жоюды көздеуде
https://itolqyn.com/news/iran-i36970
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "АҚШ әлем бойында бейбітшілік орнату үшін құрылған халықаралық «Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп аталған органды жойып, халықаралық сахнаны қауіпсіздік саласында бейберекеттіктерге душар етуді көздеуде",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 15, 2018 13:49 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымын жоюды көздеуде

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "АҚШ әлем бойында бейбітшілік орнату үшін құрылған халықаралық «Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп аталған органды жойып, халықаралық сахнаны қауіпсіздік саласында бейберекеттіктерге душар етуді көздеуде",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани бүгін, сейсенбі күнгі Мәжілістің ашық отырысының басында әлемнің бүкіл елдерінің айыптағаны мен БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарсы шешімдеріне қарамастан АҚШ-тың елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіруіне тоқталып: "Америкалықтардың бұл халықаралық органды беделсіз ұйымға айналдыруға шешім қабылдағанына біраз жыл болды",- деп баса айтты.

Лариджани кеше, дүйсенбі күні сионистік режимнің қорғансыз Палестина халқын қыруына  сілтеме жасап: "Бұл қылмыстар – сионистік режим мен Американың тарихында қалатын қара дақ. Бұл әрекет Палестина мен басқа мұсылман халықтарының бірігуі мен олардың жеңіске жетуіне себеп болады",- деді.