Лариджани: АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымын жоюды көздеуде
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "АҚШ әлем бойында бейбітшілік орнату үшін құрылған халықаралық «Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп аталған органды жойып, халықаралық сахнаны қауіпсіздік саласында бейберекеттіктерге душар етуді көздеуде",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани бүгін, сейсенбі күнгі Мәжілістің ашық отырысының басында әлемнің бүкіл елдерінің айыптағаны мен БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарсы шешімдеріне қарамастан АҚШ-тың елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіруіне тоқталып: "Америкалықтардың бұл халықаралық органды беделсіз ұйымға айналдыруға шешім қабылдағанына біраз жыл болды",- деп баса айтты.
Лариджани кеше, дүйсенбі күні сионистік режимнің қорғансыз Палестина халқын қыруына сілтеме жасап: "Бұл қылмыстар – сионистік режим мен Американың тарихында қалатын қара дақ. Бұл әрекет Палестина мен басқа мұсылман халықтарының бірігуі мен олардың жеңіске жетуіне себеп болады",- деді.