Зариф Гуттереш пен Еуроодаққа хат жазды
https://itolqyn.com/news/iran-i36976-Зариф_Гуттереш_пен_Еуроодаққа_хат_жазды
"АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды. Сондықтан өзінің қатерлі әрекетінің салдарларына жауапты болуы керек».
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 15, 2018 16:22 Asia/Almaty
  • Зариф Гуттереш пен Еуроодаққа хат жазды

"АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды. Сондықтан өзінің қатерлі әрекетінің салдарларына жауапты болуы керек».

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні жарияланған БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттерешке жазған хатында бұл тақырыпты қуаттап, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу әрекетін апат кезеңге оралу және біржақты ұтылыс деп атады.

Осы күндері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа тараптармен кеңесулер өтікізіп жүрген Иран Сыртқы істер министрі Бейжің келіссөздерінен кейін Мәскеуде Ресей басшыларымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының келешегі туралы сөйлесті. Бұл кеңесулер бүгін Брюссельде Зариф пен Германия, Франция және Британия Сыртқы істер министрлерімен кездесуде жалғасады.

Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы іске асырылу үдерісі  бастала салысымен сенімді тарап болды. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 11 мәлімдемесі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын іске асыру міндеттемелеріне табанды екенін растады. Бұл мәліметтер мен Трамптың әрекетіне қатысты сындардың артуы Вашингтонды екі негізгі мәселеге тіреді: бірінші мәселе, барлық елдердің АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы саясаттары алдында бірігуі мен АҚШ-тың халықаралық қоғамдағы оқшаулануы; екінші мәселе, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жағдайына қатысты орынды әрекеттерін қуаттауы мен АҚШ-тың қысымдары мен қоқан-лоққыларына бағынбауы, сондай-ақ, бұл мәселені халықаралық қоғам арқылы қарастыруы болып табылады.

Халықаралық істер жөніндегі эксперт Хасани Кашани: "АҚШ ядролық мәселеге қатысты келісімнен шыққанымен халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын іске асыруға міндетті",- деді. Еуроодақ Сыртқы істер министрлері АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуынан бірнеше ай бұрын жариялаған мәлімдемесінде: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – 12 жылға созылған Еуропаның дипломатиялық ынтымақтастығының нәтижесі. Аталмыш бағдарлама Қауіпсіздік Кеңестің  №2231-ші қарарымен расталды.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қалуы мен Иранның мүдделерінің қамтылуына берілетін кепілдік өте аз. Еуроодақ екі жолдың біреуін таңдауға мәжбүр: бірінші жол – анық ұстанымын жариялауы мен халықаралық құқықтарға табандылығын көрсетуі; екінші жол – АҚШ-тың әрекеттері жолына түсу. Ондай жағдайда Еуроодақ өзінің сенімділігінен айырылады. Әрине, АҚШ-тың бір жақтылығы тек "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен шектелмейді. АҚШ әрекеттері әлемдік қоғам, әсіресе Еуроодақтың келешегі үшін қатерлі әрі көптеген шығынға душар етеді. Өйткені, АҚШ-тың әрекеттері жан-жақты келісімге ғана қатысты емес, олар халықаралық деңгейдегі қайшылықтарға айналуда.