ИИР үкіметі сионистік режимнің кешегі қылмысына наразылық білдіріп, мәлімдеме жасады
ИИР үкіметі өз мәлімдемесінде сионистердің кешегі қылмыстарын айыптап, халықаралық қауымдастықтан өзінің ұзаққа созылған үнсіздігін бұзып, басқыншылықты тоқтатып, басып алынған жерлердің шынайы иелері ретінде палестиналықтардың құқықтарын қамтамасыз етуді сұрап:
«Басқыншылыққа қарсы бейбіт наразылыққа қатысқан қарусыз әрі қорғансыз халықты жаппай қыру АҚШ үкіметінің заңсыз әрі арандатушы шарасы – елінің елшілігін қасиетті Құдсқа көшіргенін тойлап жатқан кезде тура "Некбат" күні орын алды",-деді. Иран үкіметі бұл мәлімдемеде аймақтағы кейбір елдер басшыларының дұшпандардың қастандықтарын танып, ислам әлемінің негізгі тақырыптарын түсіну үшін қажет ерік-жігер мен қырағылыққа ие болмай отырғанына өкініш білдіріп: "Бұл елдердің басшылары алданды. Олар сионистік режиммен ашық та жасырын достық жолына түсу арқылы бұл залым режимге адамзатқа қарсы айуандық қылмыстарын жалғастыруға дем беріп отыр",-деді.
Дүйсенбі күні АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшірілуімен бір мезгілде сионистік әскерилер кемінде 59 палестиналықты атып өлтіріп, 2 мыңнан астам адамды жаралады.