Иран Жоғары сотының адамзат құқығы кеңесі Палестина халқын қыруды айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i37000-Иран_Жоғары_сотының_адамзат_құқығы_кеңесі_Палестина_халқын_қыруды_айыптады
АҚШ Израиль режимінің Палестина халқына қарсы жабайы қылмыстарына тағы жол ашты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 16, 2018 15:41 Asia/Almaty
  • Иран Жоғары сотының адамзат құқығы кеңесі Палестина халқын қыруды айыптады

АҚШ Израиль режимінің Палестина халқына қарсы жабайы қылмыстарына тағы жол ашты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп аймақ пен әлем деңгейіндегі кең ауқымды қарсылықтарға қарамастан дүйсенбі күні АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшірді. Халықаралық құқықтарға қарсы бұл әрекетпен тұспа-тұс Палестина жерлерінің негізгі иелері палестиналықтардың наразылықтары басып-жаншылды. Соның салдарынан кемінде 60 палестиналық шәһид болып, 3000-ға жуық адам  жарақат алды.

Иран Жоғары сотының адам құқығы штабы сейсенбі күні мәлімдеме шығарып: "Палестинада дүйсенбі күні орын алған қылмыстардың бірінші себепкері – өз елшілігін   Құдсқа көшіріп, өзі қолдайтын режимге палестиналық жазықсыз әйелдер мен балаларды өлтіруге жол ашқан АҚШ үкіметі",- деп мәлімдеді.

Иранның Денсаулық министрі Сейед Хасан Қазизаде Хашеми Дүниежүзіліқ Денсаулық ұйымының басшысына жолдаған хатында Газа секторында адами апаттың пайда болуы туралы ескертіп: "Халықаралық қауымдастықтың үнсіздігін қабылдауға  болмайды, сондай-ақ, тек тек айыптаумен ғана шектелуге  болмайды",- деп қуаттады.

Палестиналықтардың рақымсыз түрде қырылуы Араб лигасының басшылары Сауд Арабиясының Захран қаласындағы соңғы отырысында Палестина халқының құқықтарын қолдайтындықтары туралы уәж айтқан жағдайда орын алды. Бірақ, осы уақытта Араб лигасы, соның ішінде Сауд Арабиясы  Палестинаның қорғансыз балаларының, жастары мен әйелдерінің қырылуына үнсіздік танытып, бұл мәселеге қатысты реакция білдірмеді.

Араб әлемінің танымал жазушысы әрі "Рай әл-Яум" газетінің бас редакторы Абдәлбари Атуан: "Біз Палестина туралы жазамыз. Араб әлемі мен халықаралық саяси топтар бұл мәселені ұмытты. Арабтардың жаңа одақтасы Израильдің енді олардың бауырлары саналмайтын бауырларына қарсы жазамыз. Дұшпандар досқа, тіпті одақтасқа айналды",- деп жазды.

Палестинаның жазықсыз балаларын, әйелдері мен жастарын қыру сионистердің негізгі стратегиясына айналды. Израильдің тарихында Сабро мен Шатила лагерлеріндегі палестиналықтарды қырып, бірнеше он жылдықтан бері Палестинаның мазлұм халқын қоршауда ұстау ісі тіркелді. Басқыншылықтың 70 жылдығында да   қылмыскерлер қылмыстарын жалғастырып, Палестина халқының қарсыласуын тоқтатамыз деп ойлады.

Сионистердің Палестинадағы қылмыстарының жалғасуы – АҚШ-тың қолдауы мен аймақтың кейбір тәуелді үкіметтерінің үнсіздігінің салдары. Олар Палестина халқы қанының төгілуіне жауапты. Дүниежүзінің азаттық талап ететін халықтарының көбі АҚШ-ты өткен дүйсенбі күнгі Палестинадағы қантөгістерге жауапты санайды. Палестинаның бүгінгі жастары өткенді көрмегенімен, Израильдің құрылуының тарихымен танысып, олардың құқықтарын қайтаратын жалғыз жол басқыншылармен қарсыласып, оларға қарсы күресті күшейту деп санайды.