Рухани: Бейт ул-Мұқаддасты саяси ойындармен мұсылмандардан бөлу мүмкін емес
ИИР Президенті: "Барлық мұсылмандар әл-Ақса мешіті мен Бейт ул-Мұқаддасты қадірлейді. Бұл қасиетті жерді саяси ойындармен әлемдегі 1 млрд 500 млн мұсылманнан бөлу мүмкін емес",-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күнгі үкіметтің отырысында Палестина халқының қарсыласуына тоқталып: "Сионистік режим әрдайым басқыншылық жасап, бейкүнә жандарды өлтіруді көздеп келеді. Бұл режимнің әскерилері "Некбат" (Бақытсыздық) күні Палестинаның жапа шеккен халқын қанға бөктіріп, алпысқа жуық адамды шәһид етіп, мыңдаған адамды жаралады",-деді.
ИИР Президенті Батыс пен ислам әлеміндегі кейбір елдердің сионистердің қылмыстарына қарсы үнсіздік танытқанына өкініш білдіріп: "Палестина халқы өз жері үшін күресіп жатыр. Батыстың кейбір елдерінің сионистік режимнің қылмыстарына қатысты "заңды қорғаныс" тіркесін қолдануы өкініш тудырады",-деді.
Рухани ИИР-ның әрдайым Палестина халқының құқықтарын қорғап келе жатқанын айтып: "Иран үнемі басқыншылар мен зұлымдарға қарсы тұрып келеді. Түбінде жапа шеккендер мен палестиналықтар жеңеді",-деді.
Ол, сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "Ядролық мәселеде кейбіреулер қысым, санкция мен қоқан-лоққы жасап, тіпті соғыстың белгілерін көрсету арқылы Иран халқын тізе бүктіре аламыз деп ойлайды, алайда Иран халқының табанды қарсылығы бұл ойдың қате екенің айқын көрсетті",-деп баса айтты.