Рухани ислам елдері басшыларын Қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады
ИИР Президенті ислам елдері басшыларына жеке-жеке хат жолдап, Қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.
Хасан Рухани сәрсенбі күнгі жолдауында: "Үстемшілдердің шектен тыс талап етушіліктері мен уәде бұзушылықтарына қарсы тұрып, әлемдегі барлық адамдарға, әсіресе мұсылмандарға бейбітшілік, әділет пен тыныштық орнату жолында қадам басып, ұстамды ислам болмысын сақтап, қатігездік және экстремизммен күресте үйлесіммен әрекет ету үшін бүгінде ислам елдері басшыларының рөлі басқа кезден көбірек аса маңызды болып отыр",-деді.
Иран Президенті Рамазан айы басталысымен ізгі ойлы барлық адамдардың рухының жаңаруына, осы нұрлы айдың ақиқаты мен жан бітірер болмысына иек арту арқылы Жаратушымен терең байланыс орнатуға болатындығына үміт білдірді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани да ислам елдері парламенттерінің төрағаларына жеке-жеке хат жолдап, Қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап:
"Рамазан айы мұсылман халықтар арасында тілеулестік пен үндестікті нығайтып, ислам қоғамдарындағы қайшылықтардың түйіндерін шешуге берілген мұрсат болып табылады",-деп жазды.
Иран Вице-Президенті Исхақ Джахангири да ислам елдеріндегі әріптестеріне хат жолдап, мұсылман халықтары мен үкіметтерін Қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.