Рухани: Ислам елдері АҚШ пен сионистік режимнің адамгершілікке жат шараларына қарсы тұрады
(last modified Thu, 17 May 2018 09:16:34 GMT )
Maм 17, 2018 15:16 Asia/Almaty
  • Рухани: Ислам елдері АҚШ пен сионистік режимнің адамгершілікке жат шараларына қарсы тұрады

ИИР Президенті сионистік режимнің Палестина халқын қырып-жоюын үлкен апат деп атап: "БҰҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымы осы қысылтаяң шақта Палестина халқын қолдау жолындағы өз міндеттерін атқаруы тиіс",-деп қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Түркия Президенті  Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында АҚШ үкіметі мен сионистік режимнің аймақта адамдарды қырып-жойып, арандатушы әрекеттер жасағаны үшін жауап беруі тиістігін айтып: "АҚШ үкіметінің өз елшілігін Құдсқа көшіруі – заңсыз. Бұл әрекет Палестина халқын арандатып, басқа мұсылмандардың наразылығын тудырды.  

Өкінішке орай, АҚШ Президенті аймақ мәселелері бойынша есепте қателікке ұшырап отыр. Ол сионистік режимді қолдау арқылы Палестина халқының қарсыласу қозғалысын тоқтата аламын деп ойлайды",-деді.

Режеп Тайып Ердоған сұхбатта сионистік режимнің Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы қылмыстарын өкінішті деп атап: "Сионистік режимнің қырып-жоюы – АҚШ үкіметінің ойланбай істеген әрекеттерінің салдары. Бұл қатынас сионистерді қылмыс жасауға ынталандырып отыр",-деді.

Ердоған, сондай-ақ, Палестина мәселесінің БҰҰ Бас ассамблеясында талқыланып,  сионистік режимнің қылмыстық әрекеттері айыпталуы тиіс екенін айтып: "Палестина халқының талап-тілегі мен алаңдаушылықтары назарға алынбаған кез келген бейбіт жоба аймақта текетіресті одан ары арттыра түседі",-деді.