Палестинаны міндетті түрде азат ету АҚШ-ты жеңіліске ұшыратады
(last modified Fri, 18 May 2018 15:42:36 GMT )
Maм 18, 2018 21:42 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі: "Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның астанасы. Илаһи көмекпен Палестина дұшпандардың қолынан азат етіліп, АҚШ пен оның жолын қуушылар илаһи ақиқат пен сүннеттің алдында еш нәрсе жасай алмайды",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Құран Кәрім туралы өткен нұрлы жиында қазіргі кездегі ислам әлемінің қиындықтарын, атап айтқанда Палестинаның өкінішті жағдайы мен сионистік режимнің соңғы күндері жасаған қылмыстарының ислам үмбетінің Құраннан алыстауының салдары болғанын баса айтып: "АҚШ пен батыс үкіметтерінің басым бөлігі сионистердің қылмыстарды жүзеге асырудағы сыбайластары болып табылады. Ислам үмбеті, мұсылман елдері мен үкіметтері сионистердің қылмыстарына қарсы позиция ұстануы тиіс",- деп баса айтты.

Палестина – ислам үмбеті мен мұсылман үкіметтерінің ортақ мәселесі. Сондықтан оған басты назар аудару мұсылман елдерінің негізгі саясаты болып табылады. Алайда кейбір мұсылман елдерінің немқұрайдылығы мен салғырттығы сионистердің лаңкестік тәсілдерін бұрынғыдан бетер көрсетуіне жол ашты. "Некбат» күнінің ("Бақытсыздық» күні) 70-ші жылдығы Израильдің қатыгездігінің шарықтау шегін көрсетті. Кейбір араб елдерінің ымырашылдығы мен АҚШ үкіметінің Израиль режимін ашық түрде қолдауы осындай жағдай тудырды. АҚШ-тың қылмыскер Израиль режимін саяси тұрғыдан қолдауы мен бұл режимнің аймақтық ортаға қатысты көңілінің тыныш болуы «Некбат» күні жылдығының қаралы дүйсенбіге айналуына себеп болды. Мамырдың он төрті, дүйсенбі күні АҚШ елшілігін басып алынған Құдсқа көшірумен бір мезгілде 63 адамның шәһид болып, 2000-нан астам адамның жарақат алуы Израиль, АҚШ пен ымырашыл Араб елдерінің сұрқия әріптестік үшбұрышының салдары саналады.

Сионистік режимнің әскери жолды таңдауы бүгінде Газа секторы мен басып алынған Палестина шекарасында ұйымдастырылған "Оралу құқығы" атты шеру арқылы көрініс тауып, сионистерді тығырыққа тіреген Палестина қарсыласу қозғалысының тиімділігін көрсетіп отыр. Палестина қарсыласу қозғалысының күннен-күнге күшеюі АҚШ-тың қолдауына қарамастан сионистік режимнің есептеулері мен жоспарларын бұзды. АҚШ-тың елшілігін басып алынған Құдсқа көшіру ақырғы мақсаты Қарсыласу қозғалысын жойып, астанасы Құдс болатын Палестина мемлекетін құру саналатын "Ғасыр мәмілесі" деп аталатын жоспар шеңберінде жүзеге асырылды. Бірақ Палестина халқы мен қозғалысының қырағылығы әлемдегі қоғамдық пікірді қастандық әрекеттен хабардар етіп, "Оралу құқығы" шеруінің әсері сионистердің бойында қорқыныш тудырды. Осыған байланысты ХАМАС саяси қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Һание Құдсты қолдау шерулері мен палестиналық босқындардың оралу құқығын қуаттау әрекетін мақтап: "Бұл ауқымды шерулер сионистік басшылардың бойында үрей мен қорқыныш тудырып, олардың теңгерімдерін бұзды",- деді.

Ислам әлемінен Палестина халқының армандарын қолдау туралы бірыңғай дауыс естілмегенімен  Қарсыласу қозғалысы түрлі формалармен Палестина халқының өз жерін азат ету, астанасы Құдс болатын тәуелсіз Палестина елін құру мен босқындардың өз отанына оралуы жөніндегі заңды құқығына қол жеткізеді. Израиль АҚШ және кебір араб елдерінің әріптестігімен осы шындықтарды жоюға талпыныс жасап жатқан жағдайда тәуелсіз мұсылман елдерінің қатаң позиция ұстануы бұрынғыдан бетер қажет болып отыр. Осы орайда, бүгін жұма күні Стамбулда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының төтенше отырысы өтеді. Палестина мәселесіне қатысты ашық позиция ұстану, Израиль режимінің палестиналықтарды қатыгездікпен өлтіру түріндегі қылмыстарын айыптау мен АҚШ-тың өз елшілігін Құдсқа көшіру қоғамдық пікір мен Палестинаның мазлұм халқының шешім жолын табуды күтіп отырған мәселелері саналады. Мұсылман елдері Стамбул отырысынан сионистік режимге қарсы санкция жариялап, оны қылмыскер режим деп атауды күтіп отыр. Сонымен қатар, Исмаил Һание араб және мұсылман мемлекеттерінің басшыларына жолдаған үндеуінде Палестинаны қолдап, оның көзін жою үшін жоспарланған қастандық әрекеттермен күресу мақсатында араб-мұсылман майданын құруды сұрады.