Иран халқы сионистік режимнің қылмыстарын айыптап, шеруге шықты
Maм 19, 2018 12:54 Asia/Almaty
Рамазан айының алғашқы жұмасында Иран халқы сионистік режимнің Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы қылмыстарын айыптап, шеру өткізді.
Иран халқының әртүрлі әлеуметтік топтары Рамазан айының екінші күні жұма намазынан кейін көшелерге шығып, сионистік режимнің "Некбат" күні жасаған айуандық қылмыстары мен АҚШ елшілігінің Бейт ул-Мұқаддасқа көшірілуін айыптады.
Шерушілер АҚШ пен Израиль режимінің аймақтағы қылмыстары мен халықаралық ұйымдардың осы қылмыстарға қатысты үнсіздік танытып отырғанын айыптап, "Израильге өлім!", "АҚШ-қа өлім!", "Сауд әулетіне өлім!" деп ұрандатты.
Тегтер