Иранның жедел жәрдем қызметі палестиналықтарға жедел көмек көрсететін күштерін аттандыруға дайын
Сионистік режим Палестинаның жазықсыз халқын рақымсыз қырған соң Иранның Жедел жәрдем қызметі бұл ұйымның өз күштері мен көмегін палестиналықтарға жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
"Жер күнінің" 42-ші жылдығы, яғни наурыздың 30-нан бері әрбір жұмада өтіп жатқан "Оралу құқығы" шерулеріне ондаған мың палестиналық қатысып, шерулер кезінде кемінде 119 палестиналық шәһид болып, 12000-нан астам адам жарақат алды.
Иранның жедел жәрдем қызметі ұйымының басшысы Пирхосейн Коливанд жексенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігіне жолдаған хатында: "Бұл адам баласына қарсы қылмыстар сионистік баскесерлердің қолымен және АҚШ үкіметінің қолдауы, сондай-ақ, кейбір араб үкіметтерінің арсыз үнсіздігінің аясында іске асырылуда. Мұндай қылмыстар адамзаттың пәк сезімдерін жаралайды",- деді.
Иранның жедел жәрдем қызметінің басшысы Палестинаның мазлұм халқына қолдау білдіріп: "Бұл ұйым палестиналықтардың өмірін құтқаруды өзінің діни, ахлақи және адами міндеті санайды. Сондықтан жараланған палестиналықтарға жедел дәрігерлік көмек көрсету үшін мамандар тобын жіберуге дайын",- деді.