Рухани: АҚШ Иран халқын тізе бүктіре алмайды
ИИР Президенті жексенбі күні кешке Иран үкімет мүшелерінің жанұяларымен кездесуінде: "АҚШ Иран халқын тізе бүктіре алмайды",-деп баса айтты.
ИИР Президентінің кеңсесі ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Хасан Рухани әлемдік алпауыттар, сионистік режим мен олардың аймақтағы одақтастарының ИИР-ға соққы беруге талпынып, қысым жасап жатқанына тоқталып: "Иран халқы бұл қысымдарға айбындылықпен қарсы тұрып келеді",-деді.
Иран Президенті Иран халқының өз жолын жақсы жүріп өтетінін және ирандықтардың өз аяқтарында нық тұрғанын айтты.
Рухани, сондай-ақ, қасиетті Рамазан айын илаһи рақым, кешірім мен нығмет айы деп атап, қасиетті айдың маңызды әсерлері ретінде достық, шынайылық пен бір-бірінің жанында болуды қуаттады.