Зариф: Еуроодақ Иранмен әріптестігін жалғастыру үшін іс жүзінде әрекет етуі керек
(last modified Mon, 21 May 2018 08:20:23 GMT )
Maм 21, 2018 14:20 Asia/Almaty
  • Зариф: Еуроодақ Иранмен әріптестігін жалғастыру үшін іс жүзінде әрекет етуі керек

Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарын жалғастыру үшін көбірек іс жүзінде әрекет етіп, Иранға салатын инвестицияларын арттыруы қажеттігін баса айтты.

ИИР СІМ-нің Ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда Еуроодақтың энергетика жөніндегі комиссары Мигель Ариас Каньетемен кездесуінде: "Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне беріктігін жариялауы ірі еуропалық компаниялардың Иранмен әріптестіктен бас тарту ықтималын мәлімдеуімен үйлеспейді.  

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін қоғамдық пікірдің Еуроодақтан осы келісімнің жетістіктерін сақтап қалуды күтуі арта түсті",-деді.

Еуроодақтың энергетика жөніндегі комиссары АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі осы келісімнің жағдайына тоқталып: "Еуроодақ аталмыш келісімнің жетістіктерін сақтап қалу үшін еселенген маңыздылыққа ие болды. Осы одақтың саяси ерік-жігері бұл келісімді орындау мен еуропалық компаниялардың Иранмен әріптестігін жалғастыруға бағытталған",-деді.