Рухани: Жақсы ойын Иранның мерейін арттыра түседі
ИИР Президенті Иранның ұлттық футбол командасының мүшелері мен техникалық кадрларын жеңіске жетіп, халықты қуантуға бар күштерін салуға шақырды.
ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Спорт министрлігі мен Футбол федерациясының жауапты тұлғаларының бір тобы және Иранның ұлттық футбол командасының мүшелері мен техникалық кадрларымен кездесуінде Иран халқының атынан елдің ұлттық футбол командасын шығарып салып тұрғанына қуаныш білдіріп: "Сіздердің жаттығуларыңыз, талпыныстарыңыз бен жоғары рухтарыңызға қарап, жеңіс пен сәттіліктің ауылы алыс емес деп ойлаймын",-деді.
ИИР Президенті сәттілік пен жақсы ойынның аса маңызды екенін айтып: "Әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиардтаған адам Иранның ұлттық футбол командасының ойынын көне мәдениет пен тарихқа ие айбынды елдің командасы ретінде тамашалайды. Ойыншылардың жақсы ойын көрсетуге талпынысы біздің ұлттық намысымызды жоғарылатып, әрдайым даңқты болған Иранның атағын одан ары шығарып, мерейін үстем ететін болады",-деді.