Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттары сәтсіздікке ұшырады
https://itolqyn.com/news/iran-i37166-Зариф_АҚШ_тың_Иранға_қарсы_саясаттары_сәтсіздікке_ұшырады
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иранға қарсы жарияланған стратегиясын өткеннің жаман әдеттеріне оралу деп атап: "АҚШ өз мүдделерін ойлайтын топтардың бос сөздері мен сәтсіздікке ұшыраған саясаттарының тұтқынында",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 22, 2018 13:15 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттары сәтсіздікке ұшырады

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иранға қарсы жарияланған стратегиясын өткеннің жаман әдеттеріне оралу деп атап: "АҚШ өз мүдделерін ойлайтын топтардың бос сөздері мен сәтсіздікке ұшыраған саясаттарының тұтқынында",- деді.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Вашингтонның Иранға қарсы жаңа стратегиясы туралы сөзіне реакция білдіріп, «Твиттердегі» парақшасында: "Иран халқы еш уақытта АҚШ-тың қоқан-лоққыларына бағынбады, келешекте де бағынбайды. АҚШ өз мүдделерін ойлайтын топтардың бос сөзі мен сәтсіздікке ұшыраған саясаттарының тұтқынына түсіп, қателіктерін қайталап, шығын келтіретін салдарға тап болады. Иран АҚШ-тың қоқан-лоққыларына мән бермей, АҚШ-тың шығуына қарамастан, өз серіктестерімен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ілгерілету бойынша ынтымақтастық жасайды",- деп жазды.