Рухани: АҚШ бүкіл әлем үшін шешім қабылдай алмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i37176
ИИР Президенті Рухани АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөздеріне жауап ретінде Майк Помпеоға: "АҚШ Иран мен бүкіл әлем үшін шешім қабылдай алмайды",- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 22, 2018 14:36 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ бүкіл әлем үшін шешім қабылдай алмайды

ИИР Президенті Рухани АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөздеріне жауап ретінде Майк Помпеоға: "АҚШ Иран мен бүкіл әлем үшін шешім қабылдай алмайды",- деп баса айтты.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани  дүйсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзіне реакция білдіріп: "Дүниежүзінің барлық мемлекеті тәуелсіз шешім қабылдауды қалайды. Мүмкін, америкалықтар қысым көрсетіп, кейбір аймақтарда өз істерін ілгерілете алар, бірақ қисын олардың әлемнің бүкіл мемлекеті үшін шешім қабылдауын қабылдай алмайды",- деп қуаттады.

Иран Президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы туралы: "Америкада қазір бір күннің ішінде бұл елді 15 жылға кейінге қайтарып, америкалық басшылардың 2003-2004 ж.ж. соғысқұмар сөздерін қайталап отырған үкімет билік басына келді",- деді.

Рухани Помпеоға: "Жылдар бойы тыңшылық етумен айналысатын орталықта жұмыс істеген мырзаның бүгін АҚШ-тың Мемлекет хатшысы ретінде Иран мен басқа елдер үшін тағдыр шешуші әрекеті қабылдауға келмейді",- деді.