Бруджерди: Иран мен еуропалықтардың алдағы келіссөздері олар үшін дәлелді аяқтайды
(last modified Tue, 22 May 2018 13:13:11 GMT )
Maм 22, 2018 19:13 Asia/Almaty
  • Бруджерди: Иран мен еуропалықтардың алдағы келіссөздері олар үшін дәлелді аяқтайды

Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Алаэддин Бруджерди ИИР-ның еуропалық елдермен алдағы келіссөздерінің олар үшін дәлелді аяқтайтынын мәлімдеп:

«Еуропалықтар маңызды тарихи сынақтың алдында тұр. Себебі, әлем тарихының болашағында Америка сияқты ел өзінің үстемшіл, зорлықшыл саясаттарымен әрдайым билік жүргізбеуі керек. Америкалықтардың Иранмен экономикалық және ресми байланыстары жоқ болғандықтан, басқалардың да оны пайдаланып, ИИР-мен экономикалық серіктестіктен пайда көргенін қаламайды. Сондықтан қазіргі жағдайда еуропалықтар өздерінің ұлттық мүдделерін сақтауды қалайтынын көрсетуі керек» деді. Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің өкілі Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могеринидің «Ортақ қадам» келісімін сақтау туралы мәлімдемесіне тоқталып: «Мәлімдеме жариялаудың Иран үшін мәні жоқ. «Ортақ қадам» келісімін сақтаудағы маңызды кепілдік – іс жүзіндегі әрекет» деді.