Шамхани: Еуропа қысым көрсетсе, Иран сыртқы саясатын қайта қарастырады
(last modified Wed, 23 May 2018 07:16:47 GMT )
Maм 23, 2018 13:16 Asia/Almaty
  • Шамхани: Еуропа қысым көрсетсе, Иран сыртқы саясатын қайта қарастырады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани: "Егер Еуропа өз міндеттемелерін орындай алмаса немесе АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын басқа тақырыптарды қозғап, Иранға қысым көрсету үшін пайдаланатын болса, Теһран қазіргі сыртқы саясатын қайтадан қарастырады.

Дональд Трамп Еуропа мен басқа аймақтағы мемлекеттер және АҚШ халқы оның шешімін қолдайды деп ойлап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықты. Бірақ, Еуропа мен басқа мемлекеттер оны қолдамады. Сауланамалар бойынша АҚШ халқының үштен екі бөлігі Трамптың шешіміне қарсы",- деді.

Шамхани Американың ИИР-ның күш-қуатын шектеу саласындағы нәтижесіз талпыныстарын Вашингтонның осалдығының, керісінше исламдық Иранның ішкі және сыртқы салалардағы күш-құдыретінің белгісі деп атады.