Рухани: Иран халқы қоқан-лоққылардан қорықпайды
Maм 23, 2018 14:28 Asia/Almaty
ИИР Президенті сейсенбі күні Иран халқының қоқан-лоққылардан қорықпайтынын, әрі Вашингтонның экстремистерінен жоғары екенін қуатап: "Ирандықтар тарихтың барлық сахналарында жеңіске жетіп, құрметке ие болды",- деді.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани ел спортшыларымен кездесуінде АҚШ Президентіне: "Трамп мырза! Иран халқы сізбен қарсыластықта жеңіске жетеді",- деп баса айтты.
Иран Президенті сондай-ақ, ирандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы табыстарына тоқталып: "Ирандық спортшылар әрқашан Иранның ұлы халқы үшін үміт тудырды",- деді.
Тегтер