Ирандық оқушылар палестиналық оқушыларға жазған хатта сионизмді «обыр ісігі» деп атады
Иранның Исламдық ассоциациялар ұлттық базаларының оқушылары палестиналық оқушыларға жазған хатта осы жердің мазлұм халқына қолдау білдірді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иранның Исламдық ассоциациялар ұлттық базаларының оқушылары сәрсенбі күнгі жазған хатта палестиналық студенттерге қолдау білдіріп: «Сионизм – ислам әлеміндегі обыр ісігі. Осы қатерлі обыр ісігін тамырынан жоюдың жалғыз жолы – қарсыласу, күрес және Құдайға иман келтіру» деп мәлімдеді.
Ирандық оқушылар барлық мұсылман халықтар мен елдер Палестина мәселесін өздерінің мәселелерінің ішінде бірінші орынға қоюы үшін әлемдегі мұсылман оқушыларды Палестинаны қолдауға шақырды.
Ирандық оқушылардың хатында: «Иран халқы сионистермен күресуге құштар. Иран халқы барда Палестина да бар» деп қуаттады.