Еуропалықтар кешеуілдеткен жағдайда Иран ядролық белсенділіктерін бастау құқығына ие
Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні кешке Ислам жүйесінің бір топ басшылары мен жауапты тұлғаларымен кездесуінде АҚШ-тың ИИР жүйесінің негізімен терең әрі үздіксіз жауластығына тоқталып: «Жауапты тұлғалар өз міндеттерін орындайтын болса, АҚШ-тың соңғы оқиғада жеңіліс табатыны күмәнсіз»,-деп қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында: «АҚШ-тың қазіргі Президентінің тағдыры Буш пен Рейган сияқты бұрынғы басшылардың тағдырынан жақсы болмайды. Ол да бұрынғылар сияқты тарихта із-түссіз жоғалады.
Ядролық келіссөздер басталғаннан осы күнге дейінгі АҚШ-тың қатынасының жиынтығы мынадай маңызды тәжірибені көрсетті: ИИР АҚШ-пен әріптестік жасай алмайды, өйткені АҚШ өзінің міндеттемелеріне берік емес»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуын БҰҰ-ның №2231 қарарын бұзу деп атап: «Еуропалықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне АҚШ-қа қарсы қарар ұсынып, бұл елдің осы әрекетіне наразылық білдіруі тиіс »,-деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі еуропалықтармен «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын жалғастыру үшін қажет шарттарды түсіндіруде: «Еуропаның 3 елінің басшылары Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы құзыры тақырыптарының мүлдем талқыланбайтындығына уәде беруі керек»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын жалғастыру үшін еуропалықтардың беруі тиіс кепілдіктеріне тоқталып: «Егер америкалықтар Иранның мұнайын сатуға кедергі жасай алса, еуропалықтар бізге қажет көлемде Иранның мұнайын сатып алатынын кепілдендіруі тиіс»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеидің осы салада айтқан шарттарының бірі еуропалық банктердің ИИР-ның мемлекеттік және жеке саудада ақшаны қабылдап, төлеп тұруға кепілдік беруі болды.
Хазірет аятолла Хаменеи: «Иранның Еуропаның 3 елімен дауы жоқ. Бірақ еуропалықтардың өткеніне байланысты біз оларға сенбейміз. Сол себепті олар шынайы кепілдіктер беруі тиіс»,-деп қуаттады.