Рухани: АҚШ режимі басшыларының сөздері Иран үшін жаңалық емес
https://itolqyn.com/news/iran-i37234
ИИР Президенті Рамазан айын Алланың рақымға бөлейтін және табандылықпен қарсыласатын ай деп атап: «Өткен 40 жылдың ішінде Иран халқы сынақтан сүрінбей өтіп, барлық шарықтаулар мен құлдырауларда Ислам жүйесін, революциясы мен ұлттық мүддені қорғады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 24, 2018 13:51 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ режимі басшыларының сөздері Иран үшін жаңалық емес

ИИР Президенті Рамазан айын Алланың рақымға бөлейтін және табандылықпен қарсыласатын ай деп атап: «Өткен 40 жылдың ішінде Иран халқы сынақтан сүрінбей өтіп, барлық шарықтаулар мен құлдырауларда Ислам жүйесін, революциясы мен ұлттық мүддені қорғады»,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иран үкіметінің басшылары және армиясының қолбасшылары мен жауапты тұлғаларының бір тобының Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Бүгінде АҚШ режимінің басшылары айтып жатқан сөздер Иран халқы үшін жаңалық емес, өйткені бұл сөздер ескі, қырық жыл бұрынғы кезге тиесілі.

Заңсыз сионистік режим мен бірнеше шағын елден басқа әлемнің барлық елдері АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуына қарсы болды. Бұл Иранның саяси және құқықтық салада жеңіске жеткенін білдіреді»,-деді.  

Рухани барлық шешімдерде Ислам революциясы жетекшісінің үкіметтің жолнұсқаушысы әрі жетекшісі болғанын айтып: «Қазір «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына мүше бес елмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар сөз жүзінде және саяси мәлімдемелерінде өздерін осы бағдарламаға берікпіз деп санайды. Алайда іс жүзінде қалай әрекет ететіндіктерін көруіміз керек»,-деді.