Ғасеми Еуропаны «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелеріне табанды болуға шақырды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның Еуропадан «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелерін толық орындауын күтетінін баса айтты.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми al-Alam хабар арнасына Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейінгі Иран мен Еуропаның келіссөздері туралы берген сұхбатта: «Еуропаның «Ортақ қадамға» көзқарасы тек экономикалық көзқарас емес. Еуропа бұл келісімді ұжымдық талпыныстар мен интеграцияның нәтижесі санап, ұжымдық жетістік ретінде сақтауға талпыныс жасайды. Еуропаның «Ортақ қадам» келісіміндегі әрекетінің қалай жалғасатындығына қатысты түсініксіз жайттар бар. Сол себепті, «Ортақ қадамда» қалу үшін Теһран еуропалықтармен келіссөздерді бастады. Бірақ, Еуропа Одағы мен «Ортақ қадам» келісіміне мүше еуропалық елдердің көп уақыттары жоқ. Олар бұл мәселе бойынша бір қорытындыға келіп, ИИР-ның талаптарына кепілдік беруі керек» деді.
Ғасеми «Ортақ қадам» келісімі ортақ комиссиясының ертең жұма күні Венада өтетіндігіне тоқталып, оның негізгі ерекшелігін бірінші рет оған Америка қатыспай, аталмыш келісімнің басқа мүшелерінің (Германия, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай) қатысатындығында деп атады.