Зариф Еуропамен зымырандық бағдарлама және аймақтағы ықпал жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқанын теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/iran-i37312-Зариф_Еуропамен_зымырандық_бағдарлама_және_аймақтағы_ықпал_жөнінде_келіссөз_жүргізіліп_жатқанын_теріске_шығарды
ИИР Сыртқы істер министрі еуропалықтармен Иранның зымырандық қабілеті және аймақтағы ықпалы жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқанын теріске шығарып: "Еуроодақ та бұл ақпаратты теріске шығарды. Шын мәнінде бұл сионистік режимнің осы жалған ақпаратты басқаларға жеткізуге бағыттаған психикалық әрекеті болып табылады",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 27, 2018 15:38 Asia/Almaty
  • Зариф Еуропамен зымырандық бағдарлама және аймақтағы ықпал жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқанын теріске шығарды

ИИР Сыртқы істер министрі еуропалықтармен Иранның зымырандық қабілеті және аймақтағы ықпалы жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқанын теріске шығарып: "Еуроодақ та бұл ақпаратты теріске шығарды. Шын мәнінде бұл сионистік режимнің осы жалған ақпаратты басқаларға жеткізуге бағыттаған психикалық әрекеті болып табылады",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Тасним" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "ИИР тек "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөз жүргізетінін және одан тыс ешқандай әрекеттің жасалмайтынын бірнеше рет қуаттады",-деді.

Зариф Еуроодақ, Ресей мен Қытайдың Иранға жасаған ұсыныстарына тоқталып: "ИИР бұл ұсыныстарды қарастырып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуды жалғастыру жайлы шешім қабылдайды",-деді.

Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Германия мен Еуроодақ  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тараптары ретінде осы халықаралық келісімді қолдайтындықтарын мәлімдеді