Рухани: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін жасалған қадамдар нәтижелі болды
ИИР Президенті сенбі күні кешке АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін әлемдік қауымдастықтың басым көпшілігінің Иранды жақтап, ядролық келісімді қорғағанын айтып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін жасалған қадамдардың осы уақытқа дейін нәтижелі болғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Теһранда ғұламалар мен дінбасылардың бір тобымен кездесуінде: "Бүгінде елдердің көбі Иран жолының дұрыс болғанына, ал АҚШ-тың қателескеніне сенімді. Бұл – үлкен жетістік.
Америкалықтар еуропалықтарға не АҚШ-ты, немесе Иранды таңда деп қысым жасап жатыр. Еуропа елдері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын таңдағандарын айтып отыр ",-деді.
Рухани Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалып, өзінің құқықтарын сақтай алса, осы халықаралық келісімде қалуға талпыныс жасайтынын қуаттады.