Ислам революциясының жетекшісі жастар мен студенттердің Ислам революциясының мақсаттарын ілгерлетудегі рөлін қуаттады
Ислам революциясының жетекшісі студенттермен кездесуінде жастық көңіл-күй мен әсерлі болмыстық сезімдерді, сенім мен мен арманға толы мотивтерді, студенттік ағымдар мен олардың мақсаттарға жету талаптарын исламдық Иранның келешегі мен дамуының факторлары деп атады.
Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні студенттердің ғылыми, мәдени, саяси және қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде олардың жастық көңіл-күй мен әсерлі болмыстық сезімдерін, сенім мен мен арманға толы мотивтерін, студенттік ағымдар мен олардың мақсаттарға жету талаптарын исламдық Иранның келешегі мен дамуының факторлары деп атап: "Мемлекеттің мүмкіндіктеріне назар аударып, мақсаттарымызға жететін жолымызды жылдам өткеруіміз керек",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі елдің әртүрлі мәселелеріне қатысты студенттердің айтқан пікірлерін қорытындылап, отырысты нәтижелі өтті деп бағалап: "Отырыстың ең маңызды нәтижесі әртүрлі көзқарасқа ие студенттердің серпіні мен жоғары рухтарының анықталуы болды. Бұл шынайы кеңістік дұшпандар мен бөгделердің және елдің ішіндегі кейбір қарсыластардың жоғары оқу орындарын үмітсіздік торлаған деген уәждерін теріске шығарды",- деді.
Аятолла Хаменеи исламдық жүйенің еш күмәнсіз алға ілгерілеп келе жатқанын қуаттап: "Келешек бүгіннен артық әрі ол жастарға тиесілі. Бірақ сол келешек үшін тура жолға түсіп, дамуды жалғастыру керек",- деп қуаттады.