Биыл жазда Машһад-Қазан әуе рейсі ашылады
Татарстан республикасының Туризм комитетінің басшысы Иран мен Татарстан арасында туристік өнеркәсіпті өркендету үшін Машһадтан Татарстанның астанасы Қазанға алғашқы әуе рейсінің ашылатынын айтты.
Татарстанның Туризм комитетінің басшысы Сергей Иванов дүйсенбі күні кешке Иранның солтүстік-шығысындағы Машһад қаласында сөйлеген сөзінде Иран мен Татарстан республикасы арасында әуе жолын қалыптастырудың екі елдің туризм өнеркәсібіндегі серіктестіктерін арттыратынын айтып: «Ираннан Татарстанға ұшатын алғашқы рейстің сыйымдылығы 150 адам болады. Бұл сан әр рейсте 300 адамға дейін арта алады» деді. Хоросан Разави облысының Мәдени мұра, қол өнер және туризм ұйымының бас директоры Абулфазл Мокаррамифар да сол рәсімде сөйлеген сөзінде: «Иран Татарстан республикасымен тарихи, мәдени және исламдық ортақтастықтар мен терең байланыстарға ие. Басшылар екіжақты байланыстарды нығайтып, Хоросан Разави облысы мен Татарстанның туристік тартымды жерлерін таныстыруды мақсат етеді» деді.
Татарстан – Ресейдің автономиялы республикаларының бірі.