Американың барлық талпынысы Иран экономикасын бейберекеттікке ұшыратуға шоғырланған
Иранның бірінші вице-президенті Исхақ Джаһангири Америка үкіметінің қазір Иранның экономикасын бейберекеттікке душар ету үшін бар күшін салып жатқанын, Американың Қаржы министрлігінің Иранға қарсы соғыс штабына айналғанын айтты.
Исхақ Джаһангири сейсенбі күні түнде Иранның облыс әкімдерінің форумында сөйлеген сөзінде ИИР-на қарсы қалыптасқан қоқан-лоққыларды мүмкіндіктерге айналдыруға болатынын қуаттап: «Иран санкциялармен күресуде көптеген тәжірибеге ие. Иран осы уақытқа дейін өзіне салынған санкциялардан айналып өте алды» деді.
Иранның вице-президенті саудиялықтар мен сионистердің Американың Иранға қарсы саясаттарын қолдау үшін коалиция құрғанына сілтеме жасап: «Бұл сұм коалиция Иранның аймақтағы ықпалы мен стратегиясына кедергі жасап, ИИР-ның мүдделеріне нұқсан келтіру үшін құрылды. Амеркиалықтар мен одақтастары Таяу Шығыстың маңызды аймағындағы мықты Иранға төзе алмайды. Олардың мақсаттары – Иранға соққы беру» деді.