Рухани: Иран халқы әділетсіз қысымдарға мойынсұнбайды
https://itolqyn.com/news/iran-i37426
ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке мәдениет пен өнер өкілдерімен кездесуінде: "Иран халқы халықаралық ережелерге қайшы әділетсіз қысымдарға мойынсұнбайды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 31, 2018 14:29 Asia/Almaty

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке мәдениет пен өнер өкілдерімен кездесуінде: "Иран халқы халықаралық ережелерге қайшы әділетсіз қысымдарға мойынсұнбайды",-деді.

ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани осы кездесуде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген өз міндеттемелеріне берік екеніне тоқталып: "Иран халқы өз келісімі мен қойған қолын аяқ асты еткен мемлекетке (АҚШ-қа) қарсы тұр. Біз әлемге өзіміздің біртұтас әрі батыл халық екенімізді көрсетуіміз керек",-деді.

Доктор Рухани кейбір алпауыттар мен аймақ елдерінің ИИР-на қарсы ұстанымдарына сілтеме жасап: "Бүгінде әлем елдерінің басым бөлігі Иранды жақтайды. Бұл мақтаныш тудыратын қолдау тарихта мәңгіге қалады",-деді.

ИИР Президенті мәдениеттің құдіреті мен өнердің тілін пайдаланып, үйлесіп, үндесіп әрекет етудің халықтың жеңіске жетуіне жағдай жасайтынын айтып: "Иран халқы қиыншылықтарды міндетті түрде жеңеді",-деп қуаттады.