Әл-Муаллем: Израильдің Иранның Сириядағы әскери базалары жайлы уәждері жалған
(last modified Sun, 03 Jun 2018 10:36:09 GMT )
Маусым 03, 2018 16:36 Asia/Almaty

Сирияның Сыртқы істер министрі: "Иранның әскери кеңесшілері Сирияның шақыруымен осы елге келді. Олардың құзыры заңды. Иранның күштері мен базалары туралы айтылып жатқан уәждер – сионистердің сөздері. Олар толығымен жалған",-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллем сенбі күні баспасөз конференциясында лаңкестікпен күресте Сирияның қасынан табылғаны үшін Иран халқы мен үкіметіне алғыс айту қажеттігін айтып, АҚШ пен Түркияның Сирияға заңсыз кіргеніне керісінше, Иранның бұл елдегі  құзырын толығымен заңды деп атады.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 2018 жылдың 23 мамырында ИИР-на қарсы әрдайымғы уәждерін қайталап, Израильдің Иранға Сирияда әскери база құруына жол бермейтітінін айтты.

Сионистік режим лаңкестердің Сирияда жеңіліс тапқанына қатты алаңдап отыр.

 

Тегтер