Теһрандағы армяндық епископ: Имам Хомейни әрдайым діни азшылықтардың бостандығын қуаттады
(last modified Mon, 04 Jun 2018 11:58:14 GMT )
Маусым 04, 2018 17:58 Asia/Almaty
  • Теһрандағы армяндық епископ: Имам Хомейни әрдайым діни азшылықтардың бостандығын қуаттады

Теһрандағы армяндық епископ ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейнидің әрдайым діни азшылықтардың бостандығын қуаттағанын баса айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһрандағы армяндық епископ Сабуһ Сарксян жексенбі күні имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің 30 жылдығына байланысты көңіл айтып: "Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы әрдайым азшылықтардың діни және әлеуметтік рәсімдері мен әдет-ғұрыптарының бостандығын қуаттап келді.

Діни азшылықтар кез келген елдің мәдени-әлеуметтік түрлілігін тудырады. Мәдени-әлеуметтік түрлілік әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің айқын ерекшеліктерінің бірі саналады. Ислам республикасының арқасында Ирандағы таухидтік діндердің ізбасарлары өз рәсімдері мен мерекелері және дәстүрлерін ұйымдастырып, өткізуде еркін",- деді.