Салехи: Натанздың электр нысандары бірнеше мың ЕРР-ге арналған
(last modified Wed, 06 Jun 2018 13:11:13 GMT )
Маусым 06, 2018 19:11 Asia/Almaty

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Ислам революциясы жетекшісінің уран байытуды 190 мың ЕРР көлеміне жеткізуге қажет жағдайды тез арада дайындау туралы сөздеріне тоқталып: "Иранның орталық бөлігіндегі Натанздың электр нысандары бірнеше мың ЕРР-ге арналған. Бұл зауыттың құрамдастырылған блогы жұмыс істеуге дайын",-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елдің ядролық белсенділіктерін дамыту үшін қажет дайындықтарға тоқталып: "Иран ядролық саланы дамыту үшін әртүрлі әлеует қалыптастырды.  

Иранның Атом қуаты ұйымы бұрынғы тәжірибелерді ескеріп, әрдайым бұл тақырыпқа көңіл аударып келеді. Келіссөздер нәтиже берсе де, қарсы тарап уағда бұзып, нәтиже бермесе де, бұл ұйым жағдайға қарай уақытты  қолдан өткізіп алмайтындай әрекет етуі тиіс",-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы 2018 жылдың 9 сәуірінде Натанзда құрамдастырылған блоктың ашылғанын айтып: "Бұл дамыған центрифугаларды орнату үшін қажет инфрақұрылым болып табылады. Онда ең жақсы өлшеу-бақылау құралдары орнатылып, жаңа центрифугаларды монтаждайтын орындар дайындалған. Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы күшін жоятын болса, Иран көптеген салаларда ауқымды жұмыстарды бастайды",-деп қуаттады.   

 

Тегтер