Иран Сыртқы істер министрі Ұлыбритания Парламентінде сөз сөйледі
Иран Сыртқы істер министрі Ұлыбританияның Қауымдар үйі мен Лордтар палатасының мүшелері үшін Иранның ішкі, аймақ және әлем мәселлеріне қатысты көзқарасын баяндады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Ұлыбританияның Қауымдар үйі мен Лордтар палатасы мүшелерінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Батыстықтар Иранға қарсы санкция салуда мақсаттарына жетпеді. Егер Батыстың қысымдары мен санкциялары нәтижеге жеткенде, АҚШ келіссөз жүргізетін үстелге келмейтін еді»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше Зариф Иранның Сирия дағдарысы туралы ұстанымына қатысты: «Иран Сирияда осы ел үкіметінің шақыруымен кеңесші ретінде қатысуда. АҚШ-тың уәждеріне керісінше Сирияда Иранның әскери күштері жоқ»,- деп мәлімдеді.
Зариф сонымен бірге Ирандағы өлім жазасы туралы: «Иранда өлім жазасына есірткі контрабандасымен айналысатын қарулы бандалардың мүшелері кесіледі. Батыс елдеріне жеткізуді көздеген есірткінің шамамен 85 пайызы Иранда табылып, жойылады»,- деп қуаттады.