Зариф: "Ортақ қадам" келісімінің мүшелері ешбір шартсыз Иранның шығынын өтеуі тиіс
Иран СІМ егер "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру одан әрі жалғасатын болса, "Ортақ қадам" келісімінің басқа мүшелері мен басқа сауда серіктестер АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуынан туындайтын Иранның шығындарын ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі шаралар арқылы ешбір шартсыз өтеуге кепілдік беруі тиіс",- деп баса айтты.
Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф кейбір елдердің СІМ-леріне жолдаған хатында: "АҚШ-тың 2018 жылы мамырдың сегізі күні "Ортақ қадам" бағдарламасынан біржақты түрде шығуынан кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өзімшілдікпен Иран мен әлемнен бұл елдің "Ортақ қадамның" көзін жоюы алдында мойынсұнуын сұрады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз Үкіметінің заң бұзушылығы мен бағынбауынан пайда табуға талпыныс жасап, Иранмен мәміле жасауды доғармаған әрбір мемлекеттің жазаланатыны туралы әлемге әшкере түрде қоқан-лоққы жасап отыр.
Иранның өзі АҚШ-тың аймақтағы басқыншылық құзырының тікелей құрбаны саналатын жағдайда, атап айтқанда америкалық Vincennes әскери кемесінің 1988 жылы 3 шілдеде Иранның №655 рейсті ұшағын нысанаға алып, оның барлық 290 жолаушысын қаза еткен жағдайда, сонымен қатар 2003 жылдан бастап Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздық тудырған мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының бүгін Иранды соғыс отын өршітті деп айыптауы күлкілі",- деді.