ИИР Талибан тобы мен Ауғанстан үкіметінің атысты тоқтату бітімін жасағанын қолдады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның Ауғанстан үкіметінің Талибан тобымен уақытша атысты тоқтату бітімін жариялаған әрекеттерін қолдағанын мәлімдеді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні ИИР-ның Ауғанстан үкіметінің бұл шешімін үлкенірек келісімдерге келу және Ауғанстанға тұрақты қауіпсіздікті қайтару жолындағы оң қадам деп бағалайтынын мәлімдеді.
Жуырда Ауғанстанның 2 мыңнан астам діни үлемі пәтуа шығарып, елдегі соғыс пен қантөгістің жалғасуын, қорғансыз халық арасында өзін-өзі жарып, жанкештілік жасау мен әртүрлі шабуылдарды харам деп жариялап, қақтығысушы тараптарға Рамазан айын құрметтеп, атысты тоқтатуға ұсыныс жасады.
Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани бейсенбі күні Рамазан айының 27 күнінен (12 маусымнан) Ораза айтынан кейінгі бес күнге дейін уақытша атысты тоқтату бітімі орнайтынын хабарлады.
Талибан тобы да кеше, сенбі күні мәлімдеме жариялап, Талибан күштерінің үш күн Ораза айтында барлық шабуылдарын тоқтатып, атысты тоқтату бітімін орындайтынын жариялады.