Батыс елдерінің екіұшты ұстанымдары: жетекші көзқарасы
(last modified Mon, 11 Jun 2018 10:51:53 GMT )
Маусым 11, 2018 16:51 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні кешке Иранның жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының жүздеген оқытушылары, ғылыми кеңес мүшелері және зерттеушілерімен кездесуінде сөйлеген сөзінің бір бөлігінде Иран Ислам Республикасының әлемдік сахнада алатын жоғары орнын сипаттап,

ислам республикасының көптеген халықтар арасында алатын жоғары орнына сілтеме жасап: "Исламдық Иран үстемшіл әрі құнсыз үкіметтер арасында ең көп дұшпанға ие мемлекет саналады. Сөйте тұра, аймақ халықтары мен көптеген елдер арасында үлкен бедел мен қолдау және ықпалға ие. Дәл осы мәселе жауыз дұшпандардың илаһи рақымшылықтың арқасында Иран халқы мен ислам республикасының алдында сәтсіздікке ұшырайтын қастандық ойлауына себеп болды",- деді. Революция жетекшісі сөзінің келесі бөлігінде жәбірлеуші алып державалардың екіұшты саясаттары мен әрекеттеріне, соның салдарынан соғыс таңылып, лаңкестік етек жайып, аймақ пен әлем елдері басқыншылық пен үмітсіздікті бастан кешірген олардың басқыншы режимдерге қолдау көрсетуіне тоқталды.

Газа секторындағы әйелдер мен балаларды өлтіру, 5 миллионнан астам палестиналықтың босқынға айналуы қазіргі таңда көптеген жылдар бойы Палестинаның мазлұм халқына таңылып келген ащы шындықтардың бір бөлігі ғана.

Хазірет аятолла Хаменеи бұған байланысты қазіргі заманның жауызы, яғни бала өлтіруші әрі басқыншы режим премьер-министрінің өзін мазлұм етіп көрсеткеніне тоқталып, оның Еуропаға сапары кезінде: "Тарих зұлымдарының көшбасшысы саналатын бұл қылмыскер еуропалықтарға исламдық Иранның олар мен бірнеше миллиондық яхудидің көзін жойғысы келетіні туралы өтірік айтты. Бұл Иранның Палестина мәселесі үшін ұсынған шешім жолының толығымен қисынды әрі демократия нормаларына сәйкес жағдайда айтылды",- деді.

Күмәнсіз, Палестина мәселесінің Ислам әлемінің жалғыз мәселесі емес, сондай-ақ, ол адам құқықтары туралы уәждер мен халықаралық құқықтар мен нормаларға беріктікті бағалауға арналған критерий саналады.

Палестина мәселесіне қатысты теріске шығара алмайтын екі жайт бар: бірінші жайт – құқықтары қайтарылуы тиіс халықтың аяқ асты етілген құқықтары; екінші жайтқа халықаралық қауымдастық және осы салада оған қатысты ұйымдар, әсіресе БҰҰ мен негізгі міндеті басқыншылармен күресіп, мазлұм халықтардың құқықтарын қорғау болып табылатын оның негізгі тірегі Қауіпсіздік кеңесінің міндеттері мен жауапкершіліктеріне сай амал етуді кейінге қалдыруы жатады. Өкінішке орай, бұл ұйымдар әрекет етуден гөрі үнсіздік танытуды артық көріп, жәбірлеуші әрі басқыншы алып державалардың заңсыз мақсаттарын ілгерілету жолындағы құралға айналған. Революция жетекшісі бұл мәселеге қатысты еуропалықтардың сионистік режимнің Газа секторы мен Құдста жасап жатқан қылмыстарына қатысты үнсіздік танытуын сынға алып: "Біз әрдайым тарихи Палестина елінде билік түрін анықтау үшін барша әлем қабылдайтын тәсіл негізінде қоғамдық пікірге жүгініп, кемінде 80 жылдан бері басып алынған жерлерде немесе одан тыс өмір сүріп жатқан мұсылман, яхуди және христианды қамтитын барша шынайы палестиналықтардың пікірін біліп, олардың арасында референдум өткізуді қажет саанймыз",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи келесі шындықты баяндап: "Ислам республикасының БҰҰ-да ресми түрде бекітілген осы жоспары әлем мойындайтын нормаларға сәйкес келмей ме? Онда неліктен еуропалықтар оны түсінбей отыр?",- деді.

Бұл сауал мен осы мазмұндағы басқа да сұрақтардың жауабын адам құқықтары мен демократияны қорғау туралы жалған уәждерді өздерінің ұрандарына айналдырған саясаткерлердің іс-әрекеттері мен сөздеріндегі екіұштылықтардан іздеу керек. Бұл тарихта адамзат баласына қарсы жасалған қылмыстардың басым бөлігі дәл сол мемлекеттер мен оларға қарасты қаскүнем адамдар тарапынан жүзеге асқан жағдайда орын алып отыр. Израиль мен Сауд Арабиясы секілді қылмыскер әрі бала өлтіргіш режимдер шын мәнінде адамзат баласына қарсы сұм қозғалыстың салдарлары саналады.